Адам анатомиясы (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы.
Адам физиологиясы – биологияның тірі организм мен оның жеке жүйелері, органдары, тіндері мен клеткалары қызметтерін (функцияларын) зерттейтін саласы.Ол ғылыми бағытына қарай жалпы Адам физиологиясы, жеке Адам физиологиясы және қолданбалы Адам физиологиясы болып үш бөлімге, ал мақсатына, зерттейтін объектісі мен әдістеріне байланысты қалыпты Адам физиологиясы және патологиялық Адам физиологиясы. болып екіге бөлінеді.