Қош келдіңіздер, Дәрілік формалар технологиясы курсына!

«Дәрілік формалар технологиясы» пәнінің негізгі міндеттеріне дәрілік қалыптарды дайындау дағдысын үйрену, теориялық негіз меңгеру, сатылық бақылау, стандарттау, жетілдіру, минималды мөлшерде емдік әсерге ие  жаңа дәрілік қалыптар жасау, қораптау түрінің дәрілік қалып тұрақтылығына әсерін игеру, сақтау шарттарын білу. Оқу барысында дәрілік қалыптардың негізгі жіктелуі туралы, өсімдік текті, жануар текті шикізаттан экстракционды препараттар және микробиологиялық шикізаттан препараттар алу, дәріхана жағдайында және өнеркәсіпте дайындау бойынша қажетті мәліметтер баяндалады.

«Дәрілік формалар технологиясы» теориялық практикалық курсының негізгі мақсаты білім алушыларды дәрілік қалыптарды дайындау бойынша оқыту және дәрілердің зауыттық өндірісімен қысқаша таныстыру.