Қош келдіңіздер, Фармакогнозия курсына!

Фармакогнозия – фармацевтикалық ғылымдардың негізгілерінің бірі, оның мақсаты – дәрілік өсімдік шикізатын және жануар текті шикізаттарды, олардан алынған өнімді жан-жақты зерттеу.
«Фармакогнозия» пәнін меңгеру кезінде ғылыми медицинада қолдануға рұқсат берілген дәрілік өсімдік шикізатын және жануар текті шикізаттарды, олардан алынған өнімді жан-жақты тексеру.

Фармакогнозия – фармацевттерді дайындаудағы профильді арнайы пәндердің бірі болып табылады.
            Заманауи фармакогнозия фармакологиямен, фармацевтикалық химиямен, дәрілік қалыптар технологиясымен, фармацияны ұйымдастыру мен экономикасымен біргелікте «фармация» атты біріктірілген пәндердің кешеніне кіреді.